Тараздағы мектеп ауласында тағы да дау шықты (видео)

0
763

Полицей маспен төбелесіп, жұрттың зәресін ұшырды


Тараздағы мектеп ауласында тағы да дау шықты (видео)

ERNUR.KZ. Таразда полицей мен бір азамат мектеп ауласында жаға жартысты. Екеудің білім ошағы аумағында бірін-бірі төмпештеуі жұртты шошытқан, деп хабарлайды ktk.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бұл көріністі әу баста тұрғындар түсінбей, біраз даурыққан. Кейін анықталғанындай, ащы суға сылқия тойған 41 жастағы қала тұрғыны мектеп ауласына кіріп, көпті балағаттапты. Тараздағы мектеп әжетханасында болған зорлықтан әбден шошып қалған инспектор күдікті кісіні бірден қуып жібермекке шығады. Алайда ол қарсылық танытып, полицейге жұдырық жұмсаған. Ақыры тәртіп сақшысы маскүнемге күш қолдануға мәжбүр болып, оны самбо әдісімен тынышталдырады. Бұзақы қазір қамауға алынған. Енді ол құзырлы орын өкіліне қол көтергені үшін жауапқа тартылмақ.