Тәрбиешінің ұрып-соғуы мен бүлдіршіндердің теріс қылығынан кейін елде балабақшалар тексеріледі

0
690

Алматыдағы ТЖ-дан кейін балабақшалардың жұмысын тексеретін арнайы комиссия құрылды.


Тәрбиешінің ұрып-соғуы мен бүлдіршіндердің теріс қылығынан кейін елде балабақшалар тексеріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Арнайы комиссия құрамына Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, сарапшылар, әдіскерлер мен қоғам қайраткерлері кіреді. Комиссия мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдайдың сапа стандарттарына сәйкестігін және балабақша қызметкерлерінің жұмысын тексереді.

"Балабақшалар 100 пайыз қауіпсіз болуы керек. Осы күндері Алматыдағы екі балабақшада болған жағдай адамшошырлық. Бұндай жағдайларға жол беруге болмайды. Балабақшалар әкімдіктерге бағынышты болуы керек, заңбұзушылықтардың басым көпшілігі жекеменшік балабақшаларда тіркеледі. Бірақ қауіпсіздікті меншік нысаны мен бағынатын адамына қарамастан қамтамасыз ету қажет", - деді Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Оның айтуынша, осы жылдың қыркүйек айына дейін мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін тексеретін мемлекеттік қызмет мүлдем болмаған. Балабақшалар лицензиялаудан, мемлекеттік бақылау мен аттестаттаудан босатылған.

"Тек осы жылы ғана біз барлық балабақшаларды мемлекеттік тексеретін болдық. Осыған байланысты наразылық көп болды. Бірақ балалар туралы сөз болғанда, ымыраға келмеу керек. Алғашқы нәтижелер мұндай тексерулердің қажеттілігін көрсетті. Желтоқсан айының басында біз тексерген балабақшалардың 80 пайызға жуығы білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты мемлекеттік аттестаттаудан өтпегенін хабарладық. Біз сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты жеке бақшаларға орналастыруға, тәрбиешілердің біліктілігіне және қауіпсіздік мәселелеріне қойылатын талаптарды күшейтеміз", - деп атап өтті Көбенова.

Сондай-ақ, мектептер мен балабақшаларда педагогикалық жұмысқа алғаш кіріскендердің біліктілігін тәуелсіз тексеру туралы талап енгізіледі.

"Балабақшалар заңды түрде әкімдіктердің қарауында екенін ескере отырып, біз мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ерекше бақылауға алу қажеттігін бірнеше рет атап өттік. Әйтпесе, салдары қайғылы жағдайға алып келеді. Әрбір топқа арналған бөлмелер бейнекамералармен қамтамасыз етілуі тиіс. Балалармен жұмыс істейтін кадрларды таңдау мәселесі де өте маңызды", - деп түйіндеді ол.