Тасқыннан үйін тастап кетуге мәжбүр болған оқушылар БЖБ мен ТЖБ тапсырмайды

0
274

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО сияқты алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды.


Тасқыннан үйін тастап кетуге мәжбүр болған оқушылар БЖБ мен ТЖБ тапсырмайды

ERNUR.KZ. Атырау және Ақтөбе облысындағы оқушылар БЖБ мен ТЖБ-дан босатылды. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша су тасқынынан аса қатты зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды. Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды», — деді ол.

Ресми өкіл Атырау (18), Ақтөбе (6), Қостанай (2) және Батыс Қазақстан (2) облыстарындағы 28 мектеп білім жетістіктері мониторингінен босатылғанын айтты.

«Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО сияқты алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды. Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүріп жатыр», — деді Мереке Амангелдіқызы.