Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.
Фото: pixabay.com: UGC
ERNUR.KZ. Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу болмайды, деп жазады inbusiness.kz.
"Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды", – делінген әкімдік хабарламасында.
Әдетте, бұл мерекеде дәстүрлі түрде демеушілердің ақшасына отшашу ұйымдастырылатын.