Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көліктерді әкелуге тыйым салынды

0
1 377

Шектеу 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады.


Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көліктерді әкелуге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Тәжікстан дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерден, оның ішінде Қазақстаннан ескі көлік құралдарын әкелуге тыйым салады, деп жазады stan.kz.

Шектеу 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады.

"Тәжікстан ауаның ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі болатын ескі автомобильдерді азайтуға, сондай-ақ ескі автомобильдерден шығатын қалдықтарды (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) азайтуға бағытталған жарлық дайындады", – деп хабарлады "Қазстандарт".

Жарлық Тәжікстанда 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді деп күтілуде.