Теміртауда атыс болды (видео)

0
275

Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.


Теміртауда атыс болды (видео)

ERNUR.KZ. Теміртаудағы атыс видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Жазбада атыс Теміртаудағы мекемелердің бірінің автотұрағында болғаны айтылған. Автор қатысушылардың арасындағы жанжал көлік тұрағына байланысты болған деп болжаған.

Видеоға Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталған. Оларды ұстау бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"4 сәуірге қараған түні Теміртау орталық ауруханасына 27 жастағы жергілікті тұрғын оқ жарақатын алуына байланысты жүгінді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды", - деп хабарлайды Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметі.