Теңіз кенішіндегі эпидахуал ушығып барады

0
1 918

Соңғы тәулікте Теңіз кенішінен 144 науқас тіркелген.


Теңіз кенішіндегі эпидахуал ушығып барады

ERNUR.KZ. Атырау облысында соңғы тәулікте 149 адамның қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның төртеуі облыс орталығынан анықталса, 144 науқас Теңіз кенішінен тіркелген. Ал 1 адам – Жылыой ауданының тұрғыны. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқандардың саны қазір 900-ге жуықтады. Ресми ақпаратқа сәйкес, облыс бойынша соңғы тәулікте 43 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. 300-ге жуық науқас үй жағдайында ем қабылдап жатыр. Ал облыстық инфекциялық стационарда 103, аудандардағы стационарда 38 адам емделуде.