Мемлекет басшысы 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті.
Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
- ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 063 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.
Заң 2022 жылы күшіне енеді.