Тоқаев бас прокурорға баласы әскерде қаза тапқан аналардың шағымын қарауды тапсырды

0
94

10 қарашада Астанада Министрліктер үйі маңында Қорғаныс министрлігі өкілдеріне үндеу жасау мақсатында бір топ әйел жиналды.


Тоқаев бас прокурорға баласы әскерде қаза тапқан аналардың шағымын қарауды тапсырды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Айта кетейік, 10 қарашада Астанада Министрліктер үйі маңында Қорғаныс министрлігі өкілдеріне үндеу жасау мақсатында бір топ әйел жиналды.

Олар - әскери қызмет кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аналары. Министрліктер үйі маңында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Ашынған аналар ұлдарының өлімін әділ тергеуді және әскерді реформалауды талап етті.

Еске салайық, бұған дейін олардың үндеуіне Қорғаныс министрлігі пікір білдірді.