Тоқаев Каспийдегі апаттан аман қалған әскерилерді марапаттады

0
63

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болып, Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.


Тоқаев Каспийдегі апаттан аман қалған әскерилерді марапаттады

© Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Каспийдегі апаттан аман қалған әскерилерді марапаттады, деп хабарлады Ақорда
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші "Ерлігі үшін" медалімен марапатталғандар:
Қуандық Бекет Бақтыбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
Темірхан Ақжол Тимурұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы);
Удалов Никита Александрович – 29011 әскери бөлімінің маманы (санитариялық нұсқаушысы).
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды. Каспий теңізіндегі ашық оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметкер суға кетіп, 14-і көз жұмды, үшеуі аман қалды.
Күні кеше Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Бұған дейін әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды.
Президент бүгін Дәурен Қосановты қорғаныс министрі лауазымынан босатты. Оның орнына Айдос Мырзахметов басшы болып келді.