Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

0
913

Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні аталып өтеді.


Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп жазады sputnik.kz.

"Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр", - деді президент.
Тоқаев мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударатынын атап өтті.
"Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты. Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін", - деген ол барша медицина қызметкеріне зор денсаулық, бақ-береке тіледі.
Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні мерекеленеді. Биыл бұл кәсіби мереке 19 маусымға түсті. Мереке Қазақстан президентінің жарлығымен 1998 жылы бекітілді.
Бұл күн өз кәсібін медицинамен байланыстырған, өзін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға арнаған адамдардың кәсіби мейрамы. Әсіресе Covid-19 инфекциясы таралған кезде медицина мамандарының қызметіне деген құрмет артты.