Мәскеу әуежайына апатты жағдайда қонған ұшақ бортында болған 78 адамның 37-і тірі қалған. 41 адам қаза тапты.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады tengrinews.kz.
Направил телеграмму соболезнования Президенту России Владимиру Путину в связи с трагедией в московском аэропорту Шереметьево. Разделяю боль утраты с родными и близкими погибших.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 6 мая 2019 г.
Еске салсақ, Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан "Аэрофлоттың" Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні Шереметьево әуежайына шұғыл оралды, оған ұшақаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алды. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шыққан. Шереметьево ұшағының бортында болған 78 адамның 37-і тірі қалған. 41 адам қаза тапты.