Тоқаев Путинмен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

0
535

Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Душанбеде өтетін іс-шараларға байланысты ауған мәселесін жан-жақты талқылағаны айтылды.


Тоқаев Путинмен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремль сайтында жарияланды, - деп жазады Tengrinews.kz.


Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Душанбеде өтетін іс-шараларға байланысты ауған мәселесін жан-жақты талқылағаны айтылды.

"Сондай-ақ, екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптар, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-қимыл мәселесі де қозғалды. Байланыстарды жалғастыру туралы келісілді", - деді Кремльдің баспасөз қызметі өкілдері.