Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары аясында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді", - делінген хабарламада.