Толқын Забирова: Жаңа Конституция жобасы – мемлекетіміздің ертеңіне бағытталған жауапты әрі маңызды бастама

0
79

"Қоғам үнемі өзгеріс үстінде, уақытпен бірге жаңғырып отырады"


Толқын Забирова: Жаңа Конституция жобасы – мемлекетіміздің ертеңіне бағытталған жауапты әрі маңызды бастама

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беруге шақырды.

"Мәдениет – елдің рухын көтеріп, жұртты бір мақсатқа ұйыстыратын қуатты күш.

Қоғам үнемі өзгеріс үстінде, уақытпен бірге жаңғырып отырады.

Жаңа Конституция жобасы – мемлекетіміздің ертеңіне бағытталған жауапты әрі маңызды бастама деп білемін.

15 наурыз күні өтетін дауыс беруге белсенді қатысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын", - деп жазды Толқын Қалиқызы.

Бөлісу