Алматыдағы балабақшалардың бірінде кішкентай бүлдіршінді топтағы тәрбиеленушілердің төпелеген жағдайына қатысты қызметтік тексеру жүргізілді.
ERNUR.KZ. Нәтижесінде дәл осындай келеңсіздікке жол берген балабақша меңгерушісі де, топ тәрбиешісі де жұмыстан босталды, деп жазады Экспресс К.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, бүлдіршіндердің тым қатігез әрекеті Әуезов ауданындағы №58 балабақшада желтоқсанның 24-і күні болған.
"Балабақшадан бөлек бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы және Әуезов ауданының білім бөлімі басшысына тәртіптік жаза қолданылды", дейді білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ал топ баладан аяусыз таяқ жеген 4 жастағы бүлдіршінге ата-анасының келісімі бойынша психологиялық қолдау көрсетілген. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық.
Бұдан бөлек, қаладағы барлық мектепке дейінгі білім ұйымдарында бақылау күшейтіліп, қадағалау жұмыстары қатаң қолға алынған.
Еске салайық, бұған дейін бірнеше ойын баласы топтағы бір баланы қуып жүріп сабағанын жазған болатынбыз.