Төтенше жағдай: Қандай сауда орындары мен дүкендердің жұмысы тоқтайды

0
1 638

Халық көп жиналатын орындардың жұмыстары тоқтатылады.


Төтенше жағдай: Қандай сауда орындары мен дүкендердің жұмысы тоқтайды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысына қатысты Сауда және интеграция министрлігі түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі республикада төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмысын жалғастыра беретінін хабарлайды.

Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай енгізуі туралы Жарлығында айтылғандай, ірі сауда сауда нысандарының қызметі шектеледі. Халық көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Азық-түлік дүкендері де, басқа да шағын дүкендер, сауда-ойын-сауық орталықтарынан тыс орналасқан өзге де шағын және орта бизнес нысандары иесінің қалауына қарай жұмысын жалғастыра алады», - деп хабарлады министрліктен.