ERNUR.KZ. Тойдағы ерсі әрекеттер сериясын жалғастырамыз. Бұл жолы ұзын көйлек кисе де, етегін олай да, бұлай да бір ашып, көпшіліктің алдында ұятқа қалған келіншектің биі туралы әңгіме етпекпіз. Желіде тараған видеоны көргендер әйелдің анайы әрекетін көріп, оны жерден алып, жерге салды. Расымен де сырт көзге тым оғаш көрінетін би экран артында отырған өзімізді де ұялтып жіберді.
ERNUR.KZ. Тойдағы ерсі әрекеттер сериясын жалғастырамыз. Бұл жолы ұзын көйлек кисе де, етегін олай да, бұлай да бір ашып, көпшіліктің алдында ұятқа қалған келіншектің биі туралы әңгіме етпекпіз. Желіде тараған видеоны көргендер әйелдің анайы әрекетін көріп, оны жерден алып, жерге салды. Расымен де сырт көзге тым оғаш көрінетін би экран артында отырған өзімізді де ұялтып жіберді.
Көгілдір түсті ұзын көйлек киген келіншек алдымен би алаңына шығады. Қасында серіктес ер азаматы бар. Ерекше биіммен көпшілікті таң қалдырамын деген болу керек, билеу үшін тіпті аяқ киімін де шешіп үлгеріпті. Содан соң етегін бірнеше рет көтеріп, ол аз дегендей жерге жатып, құдды бір ер азаматқа «үстіме шық» дегендей әрекетпен биін жалғастыра түседі. Кейіннен ер жігіттің демеуімен орнынан тұрып, етегін әрмен қарай көтере жөнеледі. Бір қызығы, бұл анайы би кешке келген қонақтарға көтеріңкі көңіл сыйлаған болу керек, тіпті бір ер кісі әлгі келіншек пен жігіттің жанына жақындап, үстеріне ақша шаша бастайды. Оның қызығын өзгелер көрді. Ақшаны қонақтар жан таласып жинап теріп алды. Ал әлгі «биші» жұп болса, еш қымсынбастан билерін жалғастыра түседі. Бұл көріністі көрген желідегілер ашуға булықты. «Сұмдық! Қай жақта болды екен? Көпшілік орында да осылай билей ме екен?», «Бүйтіп ұзын киінгені құрысын, адырам қалғыр», «Жастарға көрсеткен үлгі ма, ұят-ақ. Мәдениеттілік жоқ қой. Қай жерде жүрсе де өзін бағалай білу керек», «Масқара, шайтанның жетегіне ергендер», «Арақтың кесірі ғой барлығы», «Масақара-ай, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген атам қазақ, осындайлардан кейін қазақтар туралы не ойлайды басқалар?», «Стриптиз шоуға қатыспай ма?» деген желі қолданушыларының кейбірі бүгінгі тойлардаорын алып жатқан мұндай оқиғаларға асабаларды кінәлап әлек болды. «Мыналарды құрту керек қой негізі, тойда бұлай тәрбиесіз, жетесіз жасағандардың барлығын қамау керек. Не масқара? Оған қарап отырғандардың басы кем, ақымақтар. Ортада бір дені сау ақсақал жоқ па тоқтататын? Асабасы не қарап жүр?», «Шошаңдатып билеткенше, асаба не қарап тұр? Әнді тоқтатып, далаға шығарып жібермей ме?» деп жазды пікір қалдырушылар. Айтпақшы, бұл тойдың қай жерде өткені белгісіз. Тек желідегілердің болжамы бойынша, есі кетіп билеген келіншек қазақ ұлтының өкілі болмауы мүмкін.
«Қазаққа ұқсамайды, метис па, татар ма? Басқа ұлт сияқты ғой», «Ар жағындағы адамдар да қазаққа ұқсамайды» деп жазды желідегілер.
Видео: желіден алынды