ERNUR.KZ. Желіде көпшіліктің езуін келтіретін әлдебір видео пайда болды. Онда қораз арбамен тауықты сүйреп әкетіп жатқанын байқауға болады.
ERNUR.KZ. Желіде көпшіліктің езуін келтіретін әлдебір видео пайда болды. Онда қораз арбамен тауықты сүйреп әкетіп жатқанын байқауға болады. Арбаның айналасы әдемі гүлді бантиктермен безендірілген. Видеоны түсіруші автор бұған арнайы дайындалған секілді. Тіпті ондағы көрініске «Осы өмірге лайық, отты жарып жар-жар, келеді әне екі жас, топты жарып жар-жар» мәтінді «Жар-жар» атты әннің әуенін қойып қойған. Бұны көрген желідегілер қораз бен тауықты көріп, әбден күлкіге қарық болды. Тіпті кейбірі өзара қалжыңдасып, пікірлерін жаудырды. Ондағы жазбалардың көбі тұрмысқа шықпай жүрген қыздарға тиістіріліп жазылған болу керек, «Тіпті тауықтарды да ұзатып әкетіп жатыр», «Тауық құрлы болмадыңдар», «Мына әтешің ұрып тұр ғой» деген сынды пікірлерден көз сүрінеді. Әрине, бұл видеоны автор елдің көңілін көтеру үшін түсіргенін айта кету керек.
Видео: желіден алынды