"Үнді биі жолда қалды": Жұрттың көзінше қыздың үстіне шығып анайы билеген жігітті көпшілік сөгіп тастады (видео)

0
8 142

​ERNUR.KZ. Қонақтарды күлдіремін деп елдің ашуына қалып жүрген қазақ асабаларының тойдағы әрекеттері тыйылар емес. Бұған әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеолалар дәлел бола алады. Жуырда тойлардың біріндегі тағы бір ерсі әрекеттің видеосы тарап кетті.


ERNUR.KZ. Қонақтарды күлдіремін деп елдің ашуына қалып жүрген қазақ асабаларының тойдағы әрекеттері тыйылар емес. Бұған әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеолалар дәлел бола алады. Жуырда тойлардың біріндегі тағы бір ерсі әрекеттің видеосы тарап кетті. Бұл жолы ер азамат есі кеткенше билеп, жұртты өзіне қаратты. Яғни, би алаңына шыққан ол алдымен жерге отырып алып, костюмін шешіп билей бастайды. Мұнан соң орнынан тұрып биді жалғастырады. Кенеттен би алаңындағы серіктестігі әйел азаматының аяғына шалынып, үстіне құлап түседі. Ер жігіт бұнысымен тоқтамай, әйелдің үстіне өрмелей жөнеледі. Әйел болса, одан тезірек құтылудың амалына кірісіп, орнынан тұрады да, ұялған кейіп танытып бетін қолымен бір жабады да биді жалғастыра береді. Бір қызығы, бұл сәтте ер азамат жас жұбайлар отырған үстел аумағына барып, кейін тойхана ішін аралап серіктесінің қасына қайта оралады. Алдына тізерлеп отырып, енді бірде орнынан тұрып биді жалғастырады. Тағы бірде би алаңында бірнеше рет жерге аунап, жұрттың күлкісіне қалады.

Бұл видео желіде қызу талқыға түсті. Басым көпшілігі ер жігіт ішімдікке сылқия тойып алған деп: «Әй, қу арақ!», «Осы арақтың кеселінен халқымыздан жартысынан айырылдық», «Өте ұят болған екен», «Имансыздар» деген секілді ойын білдіріп жатты. өзгесі әлі де болса жамандыққа қимай, оны ақтап алуға әрекеттенгені байқалады. Мысалы бір желі қолданушысы: «Асаба мас адамның рөлін сомда деп ойын ойнататыны бар еді ғой есіріп. Сол ойында образға кіріп жүрген болар мына жігіт», депті.

Пікір қалдырушылардың арасында бұл тойда ерсі қылық танытқан азаматты тойханадан сүйреп алып шығатын бір адамның табылмағанына қынжылса, келесі бірі онымен бірге билеп жүрген әйел азаматын сөгіп тастады. Ал енді бір қолданушы тойда қолында таяғы бар бір қарияның табылмағанына өкініш білдірді. Естеріңізге сала кетсек, жуырда тойлардың бірінде болған мына оқиға көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Онда есі кетіп ерсі билеген жастарды тойға келген қариялардың бірі ашуға булығып, таяғымен ұрып қуып шыққан болатын.

Видео: желіден алынды