Цой коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері үшін сөз естіді

0
646

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, 22 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, вирус жұқтырған барлық медицина қызметкерінің тек 14 пайыздан астамына өтемақы алған.


Цой коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері үшін сөз естіді

ERNUR.KZ. Мәжілістегі NurOtan фракциясының кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзекті сұрақтарға жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Депутаттар министрге медицина қызметкерлеріне өтемақы қалай төленіп жатқанын және коронавирус жұқтырғандарға қатысты сұрақ қойды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, 22 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, вирус жұқтырған барлық медицина қызметкерінің тек 14 пайыздан астамына өтемақы алған. Ал қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларының 13 пайызына ғана өтемақы төленген.

Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігіне дәрігерлерден 4 064 өтінім түскен. Жұмыс барысында 8 333 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған. Жалпы 12 830 медицина қызметкері коронавирус жұқтырыпты.

"Сіз 4 064 өтінім түскенін білдіңіз. Егер 6 айда 2 475 өтінім берілсе, осы күндері 1 589 өтінім түсер еді. Яғни, берілген өтінімдер саны 1,6 есе артты. Ал өтемақыны алғандар саны шамамен 2 есе өсті. 6 айда коронавирус жұқтырған 1 830 медицина қызметкеріне, ал соңғы күндері 1 665 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеу осы жағдайға ұқсас", - деді Нығматулин.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясынан зардап шеккен және қайтыс болған медицина қызметкерлерінің көпшілігі аймақтағы комиссияларда ауру жұқтырғанын растай алмаған. Осылайша, олар өтінім бергендер қатарына кірмей жағдай күрделене түскен.

Ауырғандардың немесе жақындары коронавирустан қайтыс болғандардың өтінішіне ауру ошағының эпидемиологиялық тексеру картасы қоса берілуі тиіс екен. Ал оның формасы осыдан 5 жыл бұрын бекітілген.

Мәжілісте Еңбек және денсаулық сақтау министрлерінің бір реттік төлемдер бойынша жаңа бірлескен бұйрығы 2015 жылғы бұйрықтан "көшіріле" салғанын, әрі қазіргі жағдайдың талаптарына сай емесі атап өтілді.

"Жергілікті комиссиялар тиімді жұмыс істей алмайды. Өйткені олар көптеген құжатты қарауы керек. Адамдар ауырып, қалпына келместен 43 қосымшаны жинауы керек. Бұл процедураны жеңілдету керек. Осыны ерте жасауға не кедергі болды?", - деді Мәжіліс төрағасы.

Отырыс барысында ведомствоаралық комиссияның жұмысы да сынға ұшырады. Депутаттар шенеуніктерді аймақтардағы комиссияларды неге кеш құрылғанына жауап беруді сұрады.

"Осындай маңызды мәселелердің шешімі: вице-премьерден бастап, министрліктердегі әрбір қызметкерге дейін байланысты болса да, әрбір санның артында адам, отбасы тұрғанын, олар ең қиын жағдайда жұмыс істеп, қиындықты еңсергенін түсінуіміз керек", - деді Нығматулин.