Цой Pfizer-дің екінші партиясы елге қашан жеткізілетінін айтты

0
677

Қазақстанда Pfizer вакцинасы 1313 балаға, сонымен қатар аяғы ауыр және бала емізіп отырған 247 әйелге салынған.


Цой Pfizer-дің екінші партиясы елге қашан жеткізілетінін айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Pfizer вакцинасының екінші партиясы Қазақстанға 20 қарашаға дейін жеткізіледі, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы, яғни алғашқы партиясы жеткізілді. Екінші партия 20 қарашаға дейін жеткізіледі. Бүгінге дейін аталмыш вакцина елдің жеті өңіріне, атап айтқанда Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған өңірлерге де ол кезең-кезеңімен тасымалданады», - деді Алексей Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда Pfizer вакцинасы 1313 балаға, сонымен қатар аяғы ауыр және бала емізіп отырған 247 әйелге салынған.