"Туа алатын болуы керек": Шымкенттік әйел 53 жастағы күйеуіне екінші әйел іздеп жатыр

0
627

Балаларын бағысуға, үй-жағдайын жасауға әзір екенін де айтқан.


Инстаграм желісінде көпке танымал ханым, қайырымдылық қорының төрайымы Эльмира Ешниязова шымкенттік әйелдің күйеуіне екінші әйел іздейтінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жариялады. Онда Эльмира ханым өзіне шымкенттік әйелдің хабарласып, 53 жастағы күйеуіне екінші әйел іздейтінін айтқан. Айтуынша, шымкенттік әйелдің күйеуі екеуінің бір қыздары ғана бар, ол қызы тұрмыста, екі немересі бар. Жалғыз ұлдары осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған көрінеді.

Сонымен қатар, әйел күйеуіне тоқал әпергісі келетінін және одан ұрпақ жалғасқанын қалайтын көрінеді. Тіпті. бір-екі кішкентай баласы болса да қабылдауға әзір екенін де жеткізіпті. Балаларын бағысуға, үй-жағдайын жасауға әзір екенін де айтқан.


"Коментарийді қарап отырады. Өзі таңдайды.Туа алатын болуы керек!"
- деп жазады Эльмира ханым.




Жазбаның астында оқырмандары тарапынан бұл әрекетті қолдайтындар да, теріске балайтындар да өз пікірлерін қалдырып жатыр.