Тұмауға қарсы Ресей вакцинасы салынады

0
743

10 қыркүйек пен 10 қараша аралығында алматылықтарды вакцинациялау шаралары жүргізіледі.


Тұмауға қарсы Ресей вакцинасы салынады

ERNUR.KZ. Бұл туралы тұмауға қарсы тегін вакцина мәселелері бойынша онлайн-сұхбат барысында «Алмалы ауданы МСАК орталығы» ШЖҚ МКК педиатрия бөлімінің меңгерушісі» Майра Макеева мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.


Тұмаудың өзі қауіпті емес. Оның бактериалды асқынуы қауіпті. Нәтижесінде ауру бактериалды пневмонияға ұласып кетуі мүмкін. Сондықтан 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығында алматылықтарды вакцинациялау шаралары жүргізіледі», – деген спикер салынатын вакцинаға тоқталды.


Жыл сайын әлемде тұмаудың А және Б түрі бойынша зерттеулер жүргізілуде. Нәтижесінде вирустың мутацияға ұшырайтынын байқап отырмыз. Сондықтан жыл сайын да вакцина жаңартылып отырады. Биыл да жаңартылған вакцина салынады. Ол Ресейде өндірілген», – деді Майра Макеева.