Түнгі клубтағы өлім: Ақтөбедегі қанды оқиғаға қатысты іс сотқа жолданды

0
812

​Сотталушылар 18 бен 35 жас аралығындағы ер адамдар.


Түнгі клубтағы өлім: Ақтөбедегі қанды оқиғаға қатысты іс сотқа жолданды

ERNUR.KZ. Атышулы істі Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық соты қарайды, деп жазады inbusiness.kz.

"Миллиардер" клубындағы кісі өлімі бойынша 16 сотталушы жауап береді. Олардың арасында клубты жалға алушы да бар.

Оған "қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша айып тағылған. Қалғандары қылмыстық кодекстің "кісі өлімі", "адам ұрлығы" , "бұзақылық" баптары бойынша айыпталып отыр.

Қылмыстық іс бойынша 6 жәбірленуші бар. Оның екеуі қайтыс болды.

Естеріңізге салсақ, былтыр 26 қазанда Ақтөбеде өзен жағасынан зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылған болатын.

Тексеру барысында марқұмның бірі 27, екіншісі 31 жастағы ер адам екені анықталды. Белгілі болғандай, марқұм жігіттер Темір ауданынан келген. Екеуі қол күрестен облыстық жарысқа қатысқаны белгілі болды. Облыстық спорт басқармасындағылардың айтуынша, біреуі жүлделі екінші орын, екіншісі 5 орын алған.