Түркияда жол апатынан 27 жастағы қазақстандық жігіт қаза тапты

0
217

Қайғылы оқиға түнде Белек курорттық ауданындағы Барыш көшесінде болған.


Түркияда жол апатынан 27 жастағы қазақстандық жігіт қаза тапты

ERNUR.KZ. Түркияның Анталья қаласында жол апатынан 27 жастағы Кубат Аманбеков есімді қазақстандық қаза тапты. Ол Серик ауданындағы бес жұлдызды қонақүйде бармен болып жұмыс істеген, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға түнде Белек курорттық ауданындағы Барыш көшесінде болған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 43 жастағы жүргізуші басқарған 07 Т 2557 нөмірлі коммерциялық такси қазақстандық мінген велосипедпен соқтығысқан.

Соққыдан жігіт жолға ұшып кеткен. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлер келген кезде Кубат Аманбековтің қаза тапқанын анықтаған.

Марқұмның денесі тексеруден кейін Серик мемлекеттік ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Такси жүргізушісі ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Апаттан кейін полиция оқиға орнын қоршап, тергеу жұмыстарын бастады. Түркия құқық қорғау органдары жол апатының мән-жайын, соның ішінде жылдамдықты асыру және басқа да заңбұзушылықтардың болған-болмағанын анықтап жатыр.