​«Учаске» шарасы аясында елордада жалға берілетін 600-ден астам пәтер анықталды

0
1 053

Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 600-ден астам пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.


​«Учаске» шарасы аясында елордада жалға берілетін 600-ден астам пәтер анықталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 1 сәуір мен 30 маусым аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп жазады Елорда Инфо.

«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 180 мыңға жуық пәтер мен 23 мыңнан астам жеке үйлерді аралап шықты. Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында ішкі істер орталығында тіркеуде тұрған 1700-ге жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 2700-ге жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 600-ден астам пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Жалпы «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 6 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 300-ге жуығы ҚР ӘҚБтК-нің 434 б. «Ұсақ бұзақылық» бойынша, сонымен қатар, 2 мыңнан астамы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша және т.б.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 1800-ден астам шетел азаматы анықталды.