Өнер иесі “Музарт” тобына тиесілі ән жазу студиясының тозғанын айтты.
Фото: Жеке парақшалардан алынды
ERNUR.KZ. Халық әртісі Мақпал Жүнісова халықтың ықыласына бөленген “Музарт” тобының тозығы жеткен студиясын сынады, деп жазады stan.kz.
Өнер иесі “Музарт” тобына тиесілі ән жазу студиясының тозғанын айтты.
“Құрметті, Мейрамбек, Кенжебек, Сәкен! Мына ән жазатын студияларыңызды жөндеп қойсаңдар қайтеді?! Ұят емес пе?! Келе жатып, баспалдақтан құлап кете жаздадым. Қабырғалары шұрқ-тесік, тозығы жетіп тұр. Ауа да жоқ. Өздерің осындай үйде тұрмас едіңдер! Үйлеріңе жапсыра бергенше, бір уақыт студияға да көңіл бөліңіздер! Қаншама әншілер келіп, ән жазады. Адамдарға құрмет болуы керек?! Мен жазып кеттім, бірақ студия үшін қатты ұялып тұрмын”, – деді халық әртісі.