Үкімет құрамына кірген жаңа министр ант қабылдады

0
797

Серікқали Брекешев 10 қыркүйекте экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған болатын.


Үкімет құрамына кірген жаңа министр ант қабылдады

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды Серікқали Брекешев ант қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі және Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Сіздерді құттықтаймын, жұмыста табыс тілейміз», - деген Үкімет басшысы Асқар Мамин Серікқали Аманғалиұлынан ант қабылдауын сұрады.

Өз кезегінде жаңа министр Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант берді.