Ақтау портына халықаралық маңызы бар порт мәртебесі 2003 жылы шілдеде берілген.
фото:azattyg.org.
ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі Ақтау теңіз сауда портын халықаралық порт мәртебесінен айырды, деп жазады azattyg.org.
"Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланған үкімет қаулысы бойынша, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясының атауы "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы деп өзгертілген.
Үкіметтің портты халықаралық мәртебесінен не себепті айырғаны айтылмайды.