Үкімет туралы заңға өзгеріс енгізіледі

0
701

​Жаңа заң жобасы мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында әзірленген.


Үкімет туралы заңға өзгеріс енгізіледі

ERNUR.KZ. Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп жазады sputnik.kz.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтуынша, заң жобасы мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған Қазақстан жолдауын орындау мақсатында әзірленді.

"Президент мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, жолдауға сәйкес, жауапты хатшылар институтын тарату жөнінде нақты тапсырма берілді. Жауапты хатшылар институты таратылған кезде олардың міндеттері министрліктердің аппарат басшыларына жүктеледі", - деді Мусин мәжілістің жалпы отырысында.

Депутаттың сөзіне қарағанда, заң жобасын қабылдаудың нәтижесінде мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі артады.

"Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 26 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - деп атап көрсетті Мусин.