Аймағамбетов, Мырзағалиев және Райымқұлова оң қолын Конституцияға қойып, қазақ тілінде ант қабылдады.
ERNUR.KZ. Үкімет үйінде қызметіне жаңа кіріскен министрлер ант берді, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан заңдарын қатаң ұстанып, ел игілігіне қызмет ету жөнінде ант етті.