ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады

0
133

Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылғы шілдеде тағайындалған.


ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады

фото: Қостанай облысы әкімдігі

ERNUR.KZ. ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство өңір басшысының орынбасары ұсталды деген ақпаратқа қатысты редакция сауалына жауап берді. Бұған дейін кейбір Telegram-арналарда облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деген ақпарат тараған еді.

"Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ҰҚК-нің жауабында.

Айта кетейік, Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылғы шілдеде тағайындалған.