Украинаға Қазақстаннан бітімгерлер жіберіледі ме - Сенат төрағасының жауабы

0
734

Бүгін Украина Президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді.


Украинаға Қазақстаннан бітімгерлер жіберіледі ме - Сенат төрағасының жауабы

ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы шиеленіс аумағына қазақстандық бітімгерлерді жіберу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген палата төрағасы Қазақстан ҰҚШҰ-ның мүшесі екенін еске салды. Осыған байланысты «шиеленіс аумағына қазақстандық бітімгерлерді бағыттау мүмкін бе» деген сұрақ туындайды. Бұл тұрғыда біздің ұстаным бірмәнді. БҰҰ жарғысына және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тыс жерлерге біздің бітімгерлерді тек БҰҰ мандатына сай жібере алады.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ жарғысына сәйкес, ұйымның бітімгерлік күштері мен әскерлері тек мүше елдердің аумағында ғана әрекет етеді. Шиеленіс аймағы ұйымға мүше елдердің аумағына кірмейді, сондықтан осы шартқа әрі ратификацияланған келісімдерге сай, қақтығыс аймағына ҰҚШҰ аясында бітімгерлерді бағыттауға болмайды.

Айта кетейік, М. Әшімбаев Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдірді. Осы орайда ол шиеленісті бейбіт жолмен шешу үшін келіссөздер жүргізу маңызды болып тұр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Донецк пен Луганскіні тұрақтандыру шешіміне пікір білдірді.

Бүгін Украина Президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді.