Ұрыс Харьков маңында өтіп жатыр.
ERNUR.KZ. Ресей әскерінің Украинаға бірінші шабуылы жүзеге аспай қалды, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей күштері әскери инфрақұрылым, әуежай және әскери басқару орталықтарын атқылаған.
"40 сарбаз көз жұмған. Ұрыс Харьков маңында өтіп жатыр. Украина күштері Ресей әскерінің шабуылдарына тойтарыс беріп жатыр", дейді Арестович.
Ал Ресей Қорғаныс министрлігі керісінше өз күштерінің Украина жасақтарының жақсы жабдықталған алдыңғы қорғаныс шебін бұзғанын хабарлап отыр.