Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина шиелінісіне қатысты пікір білдірген еді.
ERNUR.KZ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан мен Түркияның Киевпен келіссөзде араағайын болу ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Ресей мен Украина делегациясы арасында тікелей келіссөз жүріп жатыр", - деді Дмитрий Песков журналистердің сұрағына. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина шиелінісіне қатысты пікір білдірген еді."Біз екі мемлекетті келіссөздер үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластыққа, келісімдерге қол жеткізуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. "Худой мир лучше доброй ссоры" деген сөз бар. Бейбіт өмірсіз әлемде даму болмайды. Қазақстан өз тарапынан делдалдық қызметтерді қоса алғанда, барынша көмек көрсетуге дайын. Әрине, көмек қажет болса", – деді Президент.