"Беларусьте емес". Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

0
889

Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде Беларусь халқына видеоүндеу жасады.


ERNUR.KZ. Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Келісімге сәйкес, құрамында Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және басқа да ведомстволардың, соның ішінде Президент әкімшілігі өкілдері бар ресейлік делегация Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келді. Біз бұл келіссөздерді Гомельде жүргізуге дайынбыз", - деді Песков журналистерге.

"Ресей тарапы Гомельдегі келіссөздерге дайын, енді украиндарды күтіп отырмыз", - деді Песков.

Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде Беларусь халқына видеоүндеу жасады. Ол Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ Беларусьте емес.

"Варшава, Ыстамбұл, Баку. Келіссөздер жүргізу үшін Ресейге осы қалаларды ұсындық немесе Украинаға зымыран ұшпайтын кез келген басқа қалада", - деді Украина президенті.