Үлкендер ұрғызған: Қопада 9-шы сынып оқушысының өлімі бойынша тың дерек айтылды

0
341

Бұған дейін төбелес кезінде тоғызыншы сынып оқушысы жан тапсырғаны хабарланған еді.


Үлкендер ұрғызған: Қопада 9-шы сынып оқушысының өлімі бойынша тың дерек айтылды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Ақтөбе облысының Қопа кентінде оқушының өлімі бойынша тергеуді жеке бақылауға алынғанын хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

– Ақтөбе облысының Қопа кентінде оқушының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді мен жеке бақылауға алдым. Бұған өкініштісі тәрбие саласындағы кемшіліктерге байланысты жол берілген, салдарынан үлкен балалар кішкентайларға сабақ береміз деп, бір-біріне ұрғызған, - деді ол.

Бұған дейін төбелес кезінде тоғызыншы сынып оқушысы жан тапсырғаны хабарланған еді. Оқиғаның түнде болғаны хабарланады. Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлаған.

Полиция департаменті Темір аудандық бөлімі кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді полиция..

3 қыркүйекте білім басқармасының жұмыс тобы ауылға барғанын хабарлайды.