Аталған монета «Дала қазынасы» монеталар сериясына жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2019 жылғы 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған «Quraq kórpe» коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Kόbelek. Lasiommata maera» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған монета «Дала қазынасы» монеталар сериясына жатады.
«Quraq kórpe» түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып, күмістен дайындалды. Аверсінде орталық бөлігінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналы және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба бар. Монетаны айналдыра ұлттық ою-өрнек бедерленген.
Монетаның реверсінде қолдан жасалған құрақ көрпенің бейнесі, «Quraq kórpe» деген жазу, соғылған жылы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.
«Quraq kórpe» монеталары 925/1000 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.
Ал «Kόbelek. Lasiommata maera» монеталарының бет жағында (аверсінде) жануарлар мен өсімдіктерден құралған коллаж қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, сол жақта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі және монетаның номиналын білдіретін «200 TEŃGE/100 TEŃGE» деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар.