Министрдің айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінің өсу қарқыны 5,4 проценттен 4,9 процентке дейін төмендеді.
Ағымдағы жылдың 8 айындағы өнеркәсіп өндірісі 0,4 проценттік тармаққа бәсеңдеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Үкімет отырысының тікелей эфиріне сілтеме жасап.
«Ағымдағы жылғы 7 айға салыстырғанда 8 айдағы өнеркәсіп өндірісі 0,4 проценттік тармаққа бәсеңдей отырып 4,7 процентті құрады. Жылдық нысаналы индикатор - 3,3 процент. Өңдеу өнеркәсібі бойынша ағымдағы жылғы 7 айға салыстырғанда өсу 0,1 проценттік тармаққа бәсеңдей отырып, 4,8 процентті құрады. Нысаналы көрсеткіш 5,1 процент. Нысаналы көрсеткішке жете алмау фармацевтика 2,5, құрылыс материалдары - 1,5, сусын - 0,8 және киім өндірісінің 0,2 процентке төмендеуімен белгіленді», - деді ол.
Министрдің айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінің өсу қарқыны 5,4 проценттен 4,9 процентке дейін төмендеді. Мұнай өндіру қарқыны 0,8 проценттік тармаққа 5,3 процентке дейін және табиғи газ - 0,5 проценттік тармаққа 5,9 процентке дейін қысқарды.
«Ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығарылымы ағымдағы жылғы 7 айдағы 3,5 процентке қарағанда 2,4 процентті құрады. Нысаналы көрсеткіш 3,6 процент болған. Бәсеңдеу Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы төмендеудің салдарынан өсімдік шаруашылығының 1,5 процентке төмендеуімен байланысты. Мал шаруашылығы 3,9 процентке өсті», - деді Тимур Сүлейменов.
Оның дерегінше, құрылыс саласы 0,8 процентке өсті. Нысаналы көрсеткіш - 3,6 процент. Ал жеті айда 1,3 процентке өсім болған.