Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қауылысымен Азамат Кемеңгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.
Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.
2008-2011 жж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі. 2011-2012 жж. — «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.
2013-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.
2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.