Көрме келушілеріне Тоқаев қызметі жайлы Елбасының жазған сирек кездесетін мақалалары қойылған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі мен шығармашылығына арналған көрме өткізілді. Көрмеде Тоқаевтартар әулетінің үш ұрпағы – мемлекет басшысы, оның әкесі – Кемел Тоқаев пен ұлы Тимурдың еңбектері таныстырылды, деп жазады sn.kz.
Кітапхананың тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Нұрбала Текесбаеваның айтуынша кітапханада Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты сирек кездесетін мыңға жуық кітап, журнал, газет материалдарының қоры сақталған. Қордың бір бөлігі осы көрмеге қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылып отыр.
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік басына отырған сәтінен бастап оған қатысты жеке мағлұматтарды білуге оқырмандардың қызығушылығы артқандығын кітапхана статистикасынан анық аңғаруға болады. Біздің сайтта президентіміздің кітаптарының электронды нұсқасын оқуға мүмкіндік бар», – дейді Нұрбала Текесбаева.
Көрме келушілеріне Тоқаев қызметі жайлы Елбасының жазған сирек кездесетін мақалалары қойылған.
Сондай-ақ президенттің әкесі мен ұлының шығармашылығына да көрмеде арнайы қабырға дайындалған.