Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды. Ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп жазады ҚазАқпарат.
«25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Айша-Бибі» оқу полигонында Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу өткізді. Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан 3 офицер аяғынан жеңіл жарақат алды», – делінген хабарламада.
Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды органдарына залал келмеген. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.