Ұлытау облысында жоғалып кеткен малшылар табылды

0
79

Оларға медициналық көмек қажет болмады.


Ұлытау облысында жоғалып кеткен малшылар табылды

фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

ERNUR.KZ. Ұлытау облысында жоғалып кеткен екі ер адам табылды, деп жазады sputnik.kz.
Ұлытау облысының 112 пультіне 22 ақпанда сағат 06:00-де екі ер адамның мал іздеуге автокөлікпен шығып, байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түскен.
"Ер адамдарды іздеу тобы Талап ауылы бағытындағы Солдат қыстағынан 24 км қашықтықта тапты. Оларға медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.
Іздеу жұмыстарына ТЖМ күштері, жоғалғандардың туыстары, ПД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, сондай-ақ "ҚазАвиаҚұтқару" тікұшағының экипажы жұмылдырылды.