"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

0
1 044

Әнші Алматыды өзі бейнеленген муралға қатысты ойын білдірді.


Танымал әнші Димаш Құдайберген Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасына суретін салған адамдарға алғыс айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жерлестерінің «сыйлығы» өзіне қатты ұнағанын, оларға іштей рахмет айтқанын жазды.


«Алматы қаласында Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің «сыйлығын» көргенде іштей алғысымды білдірдім. Алайда, Димаш Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім. Қазіргі таңда, осынша қиын жұмысқа еңбегі кеткен азаматтарға алғыс айтуды жөн көріп отырмын. Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін. Және барша қолдаушыларыма шын жүректен алғыс білдіремін.Үлкен рахмет!»,– деп жазды Димаш Құдайберген.




Айта кетейік, Димаш Құдайберген бейнеленген алып картина Қабанбай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қилысында орналасқан үйлердің бірінің қабырғасына маусым айында пайда болды.