Үндістан мұрағатынан қазақтарға қатысты деректер табылды

0
1 578

Былтыр Ұлттық қолжазба орталығы қызметкерлері Үндістанға жасаған ғылыми экспедициясы барысында құжаттар тапқан.


Үндістан мұрағатынан қазақтарға қатысты деректер табылды

ERNUR.KZ. Нью-Дели ұлттық мұрағатында қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары Үндістанға Қытайдан келген 3 мыңнан астам қазақтың деректері табылған, деп жазады stan.kz.

Былтыр Ұлттық қолжазба орталығы қызметкерлері Үндістанға жасаған ғылыми экспедициясы барысында құжаттар тапқан. Делегация қатысушыларының айтуынша, ата-бабаларымыз Локпал мен Қарабат маңында өмір сүрген. Содан кейін қоныс аударушылардың бір бөлігі Түркияға кеткен, онда әлі күнге дейін этникалық қазақтар тұрады.

Үндістанда табылған сирек кездесетін фотосуреттер мен хаттар 26 мамыр күні Астанадағы мұрағаттық құжаттар көрмесінде көпшілікке ұсынылды.

“Бұл – расталған деректер. Үндістанға 3200 адам келіпті. Сондай-ақ оларда мал, екі мың қошқар, 500-ге жуық жылқы болған. Мыңдаған адам қайтыс болды. Себебі Гималайда қысым мен температура жоғары. Егер Үндістанның, Үндістандағы қазақтардың тарихын тереңірек зерттейтін болсақ, менің ойымша, одан да көп фактілерді табуға болады”, – деді Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры Жандос Болдықов.