"ҮРКЕР" – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау уақыты ұзартылды

0
593

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.


Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "ҮРКЕР" – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау уақыты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін, 29 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

"Конкуртық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады",- делінген ақпаратта.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты
  • Жылдың үздік репортажы
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы
  • Радиостанциядағы үздік жоба
  • Жылдың үздік фотосуреті
  • Үздік өңірлік БАҚ
  • Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында)
  • Үздік подкаст
  • Үздік YouTube каналы
"Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "ҮРКЕР" — 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады", - деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

"URKER" — баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.