Үш баласын өлтірген ер адамның ісі аппелиялық сотта қаралды

0
441

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталған адам мен оның адвокаты айыптау үкімінің күшін жоюды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.


Үш баласын өлтірген ер адамның ісі аппелиялық сотта қаралды

ERNUR.KZ Ақтөбеде үш баласын өлтірген ер адамға қатысты аппелияциялық іс облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралды, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталған адам мен оның адвокаты айыптау үкімінің күшін жоюды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Сот алқасының шешімі үкімді өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіз болған жоқ. Сот алқасының осы қаулысына байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды", - дейді ведомстводағылар.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға биыл наурызда 27 шағын аудандағы №46 үйде болған. Күдікті ұсталды. Кейінірек жаңа мәліметтер анықталды. Маусымда айыпталушыға өмір бойы жазасын өтеу туралы үкім шықты.