Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген азамат Германиядан экстрадицияланды, деп жазады sputnik.kz.
Германия үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырған.
Ведомство ақпаратынша, күдікті қылмысты 2020 жылы Астанада жасаған, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалаған. Осыдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.
"Бүгін Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.