Үш жылдық бюджет туралы заң Мәжіліске қайтарылды

0
630

Сенат тиісті құжаттың жекелеген баптарына түзету енгізді.


Үш жылдық бюджет туралы заң Мәжіліске қайтарылды

ERNUR.KZ. Парламенттің жоғары палатасы "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды Мәжіліске қайтарды, деп жазады inbusiness.kz.

Заңның жекелеген баптары мақұлданбады. Көрсетілген баптардың жаңа редакциясы мен заң Мәжіліске жіберілді.

"Бюджетті қабылдаған кезде Парламент бұл жолы да әлеуметтік салаға басымдық берді. Мемлекеттік шығыстардың шамамен 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады. Осы ретте адами капиталды дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіру, бизнес пен АӨК-ті қолдау үш жылдық бюджеттің маңызды басымдықтары екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар бюджетте аса маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды әске асыруға қажетті қаражат қарастырылған. Өңірлерді дамытуға 7 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін келесі жылы 100 млрд теңге бөлінеді", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.